М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалы

 

Мекен жайы:
Жезқазған қаласы
Гагарин көшесі 20 үй

 8(7102) 723606

auezov_library@mail.ru 

       І лім –білім бұлағы кітап атаулының шоғырлаған мекемесі  –  кітапхана   адамзат баласының рухани тыныс – тіршілігінің айнасы іспетті М.Әуезов атын  қастерлеген қара   шаңырақтың тарихынан сыр шертейік, 1951 жылы поселкелік  кітапхана болып өз   оқырмандарына есігін ашқан,  кейін   1954   жылы  Жезқазғанға қала    мəртебесі берілуіне байланысты кітапхана қалалық орталық кітапхана  болып аталды.   1961 жылы   24     қарашада халық депутаттары  Жезқазған   қалалық  атқару   комитетінің  № 284 - ші  шешімімен    кітапханаға  ұлы  жазушы,  қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Əуезов есімі берілді. Алғашқы кітапхана меңгерушілері болғандар: Калюпа Людмила Михайловна, Павлова Мария Сергеевна, Шапортова Людмила Александровна.  1975 жылы ОКЖ- де директор   болып   қызмет    еткендер:   Толмачева  Тамара Алексеевна,  Рашевская  Клавдия Николаевна.

    1982 жылдан -  2010   жылға   дейін   Жезқазған   қалалық М. Əуезов атындағы орталық кітапхана директоры болып Тайжанова Тұрар Мейрманқызы қызмет етті.

      1976 жылдан орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылып,   құрамына   22   кітапхана   енді.  Алайда  1990 жылдары нарықтың  қыспағына  түскен  мəдени ошақтардың оты біртіндеп сөне бастады, бұл қилы кезең біздіңде басымызға келіп біраз  кітапхана-филиалдарымыз жабылып, рухани құндылықтарымыздан шеттеп қалғанымызды үнсіз мойындай бастадық.

жыл

сеть

Түскен

әдебиеттер

кітап

қоры

Оқырман

саны

берілген кітап

саны

Кітапхана

қызметкерлері

 

1982

13

25662

277806

12065

221286

33

 

1983

13

18301

275457

11453

208456

33

 

1984

15

48367

303605

16419

271518

34

 

1985

15

17112

310788

16930

289749

35

 

1986

15

19009

322021

16337

326161

35

 

1987

16

41355

311720

14171

262291

35

 

1988

17

41355

338322

13704

193623

37

 

1989

17

15195

288444

13036

229314

37

 

1990

20

14976

298105

14041

237348

40

 

1991

20

11657

290977

14969

235453

40

 

1992

14

17018

231933

10360

188979

34

 

1993

13

5697

214971

9637

161649

34

 

1994

11

19937

202083

9968

174876

24

 

1995

11

1443

197885

11561

197294

21

 

1996

9

6371

187908

11220

191073

19

 

1997

3

27203

101929

8792

142670

14

 

1998

3

255

100800

7263

112971

15

 

1999

3

3616

104411

13274

133581

15

 

2000

3

9084

105395

7585

158589

15

 

2001

3

575

105970

7623

171212

15

 

2002

3

498

106462

7853

127412

13

 

2003

3

8018

107195

7965

193407

16

 

2004

3

170

100615

8029

198950

15

 

2005

3

2510

80333

8377

204392

16

 

2006

5

7646

80907

9577

178444

17

 

2007

7

7462

82930

9859

212257

20

 

2008

8

6910

85524

10734

222184

21

 

2009

9

4842

89329

10952

230368

22

 

 

      М.Əуезов атындағы қалалық орталық кітапхананың – 1997 жылы №2, №7 кітапхана- филиалдары  ғана  қалды. Жабылған 17 кітапхана-филиалдарының қоры Орталық кітапханаға әкелініп, мұқият түрде тексеріліп, сөрелерден орын алды. «Оңтайландыру» саясатында әр басылымға жанашырлықпен қарап,  білім  бұлағының  нәрін  қазіргі ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың рухани қазынасы – кітаптарды сақтап қалды.

    Мамандар ой-өрісі мықты, қабілетті, дарынды жастарға ерекше назар қойып,  жан- жақты білімін кітап,  мерзімді басылымдар арқылы шыңдауға көңіл аударады.

     Республикамызға  танымал   жазушы,   ақын,   əншілер   қаламызда   қонақ  болғанда кітапханамызға  ат   басын бұрғаның   мақтанышпен  айтамыз.  Айта  кетсек -  əнші  мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты  Бекболат  Тлеуханов, Халық ақыны,жазушы Фариза Оңғарсынова, əнші Татьяна Бурмистрова, жазушы Бексұлтан Нұржекеев,  жазушы Ілья Жақанов, Қазақтын белгілі ақыны К.Салыков, жазушы,ақын Ғ.Жайлыбай.

    2002 жылы «Библиотека-4.02» кітапханалық электрондық бағдарлама кіргізіліп, электрондық каталог жұмысы басталды.

     2004   жыл .  «РАБИС »  атты   электрондық   бағдарламасы   енгізілді.  Кітапхананың  жан - жақты   анықтама аппаратының негізінде оқырмандарға сапалы ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетіледі. Кітапханада негізгі технологиялық процестер автоматтандырылған: электронды каталог жəне мақалалардың  электронды картотекасы, оқу процесін кітаппен қамтудың картотекасы жүргізіледі,  мерзімді  басылымдарға   корпоративті сипаттама жасалады.

    2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының    10 жылдық мерейтойына   арналып, «Кітапхана – даналық  мекені»   атты  кітапхана қызметкерлерінің   мерекесі  өтті.   «Мамандық  əлеміне  саяхат» байқауында Жезқазған   қаласындағы    С.Сейфуллин,  М.Əуезов  атындағы   жəне   қалалық   балалар   мен   жасөспірімдер кітапханасының  қызметкерлері  қатысып,   өздерінің   біліктіліктері  мен    кəсіби    шеберліктерін,     дайындық деңгейлерін сарапқа салды.Байқау қорытындысында «Үздік кітапхана» ауыспалы кубогын М.Əуезов атындағы кітапхана ұжымы жеңіп алды.

    2006 жылы  жұмысты жандандырып, ауыл оқырмандарын өзіне тартып білімге бет бұрғызу мақсатында   Теректі елді мекенінен № 3 кітапхана – филиалын, Малшыбайдан №4  кітапхана – филиалы,  ашылды.

   2007 жылы №5 Кеңгірде кітапхана – филиалы және  №6 Талап селолық кітапхана – филиалдарын ашты.

    2008 жылы № 8 Қорғанбай ауылдық кітапхана- филиалдары ашылды.

     2009 жылы заманауи ақпараттық технологиямен жабдықталған, заман ағымына сай қызмет көрсету мақсатында  № 9 модельді кітапхана – филиалы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетуде.

    Бұлардың барлығы жалпы көпшілік оқырманға қызмет етеді.Кітапхана өзінің мол қорымен, жаңа басылымдарымен оқырмандарының көңілінен шығуда.

    2009 жылы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша кітапхана толық күрделі жөндеуден өткізілді, жаңа жиһаздармен жабдықталды.

   2010 жылы 1 сәуірден бастап қала әкімінің ”18 ақпан 2010  жылғы № 04/17 “Кітапханаларды қайта ұйымдастыру туралы” қаулысына және ҚР 2001 жылғы 23 қантардағы ” ҚР жергілікті және өзін-өзі мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес    М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалы  Орталықтандырылған кітапхана жүйесі   ММ-сі қарасты болды.

     2 -Жылжымалы кітапхана 2010 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Кестесі айына 1 рет болады. Ол «Жүрек» ОДА-сы және –Белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеудің қалалық орталығы.

    2013 жылы кітап қоры жоспарлы толық тексерістен өтті.

    2013 жылы ОКЖ арасындағы «Білікті маман – білімнің көшбасшысы» атты сайыста М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалы 1-орын иеленді.

    2013 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған «Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі  -2013» шебер класс сайысында А.Ж.Махмұтова «Тарих-археологиялық мұражайы  ашылғанына –  35 жыл»  - ақпараттық  -  дайджест   шығарып, «Мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал» номинациясымен марапатталды.

     2013  -  2014  жылдары  қазақтың   көрнекті  ақын   –   жазушыларының, өнер  қайраткерлерінің  өмірі  мен творчествасын, өлкелік ақындардың өлең жырларын оқырмандарға насихаттау мақсатында  «Сөз зергері» қызығушылық клубы ұйымдастырылды.

     2015 жылдан бастап оқырмандардың сұранысымен  «Сөз зергері» қызығушылық клубы «Жас толқын» - поэзиялық клубы болып жалғасын табуда.

    Бүгінгі күні кітап қоры –  24193  дана, оның  мем.тілде  7754  дана.  Кітап   23888 дана, газет  82,  журнал  212, электронды басылым 11 құрайды. Кітап қорын «Фолиант», «Жауһар», «Нұрлы Әлем», «Елорда», «Атамұра», «Библиотека Олжас», «Баянжүрек» т.б баспалар арқылы толықтыруда. Оқырманы -3331, Келушілер  саны – 36667, Кітап берілімі -55028.

          Махмұтова   Анар   Жамантайқызы   –  кітапхана  - филиалының  меңгерушісі. Білімі  –  жоғары.   Жезқазған университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» факультетін бітірген. Кейін Алматы қаласындағы Қыздар  педагогикалық  институтының  «Кітапхана және кітапханатану» бөлімін  сырттай  бітірді.  1995 жылдан кітапхана саласында қызмет   етеді. Кітапхана саласында 21 жыл еңбек етуде. 

      Елеусизова Хамила – о.д, ж.с кітапханашы.   Білімі – орта арнаулы. Жезқазған мәдени – ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» бөлімін бітірген.    1977 жылдан бастап кітапхана саласында еңбек етеді. Еңбек стажы – 39 жыл.  

   Бөртебаева Қапиза – ж.д,   ж.с    кітапханашы. Білімі   –  жоғары.    Жезқазған  педагогикалық институтының   «Физика – математика» факультетін бітірген. 1983 жылдан бастап   кітапхана   саласында   еңбек  етуде. Кітапхана   саласында  -  33  жыл.

     Мағзұмова Ләззат Ережепқызы -о.д.санаты жоқ  аға  кітапханашы. Білімі –  орта  арнаулы. Жезқазған   мәдени   –   ағарту     училищесінің «Кітапхана ісі» бөлімін бітірген. 1990 жылдан бастап   кітапхана   саласында  еңбек   етуде. Кітапхана   саласында  -  26  жыл.

     Қыдырманова Ақнұр Сабырқызы -ж.д.санаты жоқ кітапханашы. Білімі - жоғары. Жезқазған университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті»  факультетін 2007 жылы сырттай бітірген. 2002 жылдан бастап  кітапхана саласында еңбек етуде. Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Мәскеу Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры В.К.Степановтың қатысуымен «Цифрлық кітапханалар: қалыптастыру және қолдау» атты ІІ  Жазғы Интернет-Университетіне қатысып, сертификат  алды ( 2006 ж.) және    «Кітапханалық өлкетанудың қазіргі даму тенденциялары» атты ғылыми-практикалық конференция (2005 ж.) қатысқан.

     Жүніс Ақбаян Тайқызы -ж.д.санаты жоқ кітапханашы. Жезқазған университетінің «Ағылшын тілі» факультетін 2007 жылы бітірген. 2009  жылдың  қараша айынан  бастап кітапхана саласында еңбек етеді. 

      Жәнібекова Айнекен Байдешқызы - ж.д, санатты жоқ кітапханашы.1988 жылы Жезқазған  педагогикалық институтының  «География  және  биология»  факультетін  бітірген.  2012   жылдың  қаңтар  айынан  бастап кітапханада қызмет етіп келеді.

     Кітапханашының еңбегі жұртшылықтың назарынан тыс қалып, көзге əрқашан іліне бермесе де, қоғам мен мемлекеттің дамып-өркендеуіне өте қажет əрі маңызды мамандық екендігі сөзсіз. Кітапхана мəңгілік парасаттың ең биік, ең киелі ғимараты болса, кітапханашы сол рухани қазынаның шырақшысы мен ақыл-ой əлеміндегі жол сілтеушісі.