Клуб: «Жас толқын»

 

            «Поэзия-адам сезімінің айнасы.Ол адамзатты поэзияға ғана тән белгісіз жұмбақ күшпен сезімнің алуан түрлі рақатына бөлейді: жақсы көру, жек көру, сүйсіну, қуану, мұңға бату - осының бәрі тұтас алғанда адам жанының табиғи нәрі, рақат сәттері. Өйткені, мұңның да, қуаныштың да өзіндік ләззаты бар».         

                                                                                                                                                                                              Ф.Оңғарсынова                                                                                                                         

 

      Қаламыздың  жас ақындарына өз қаламдарын ұштауға, талаптарын кеңе йтуге көмек көрсетіп, әрбір оқырманның қазақ жырына деген құштарлығын арттыру мақсатында өз бойыңызда өлең жазуға деген дарыны бар жастарды, қазақ ақындарының талап-деңгейлері туралы білім алуға деген құмарлығы бар жандарды 2014 жылы ашылған М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалы «Жас толқын" поэзия клубына шақырылған болатын. Бүгінде қаламгерлер мен оқырмандар арасында алтын көпір болу, жас қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау, әдеби-мәдени интеллигенцияның басын қосатын орталыққа айналды. Осы аралықта болған бірнеше ақын-жазушылар туралы өткізілген іс-шараларда өз өнерлерін көрсетіп, жүректерінен шыққан бірненше өлеңдері де жарық көрді. «Жас толқын» поэзиялық клубқа жыл сайын қаламы ұшқыр жас ақындар жазылуда. Бүгінде клубта 20-дан астам жас ақындар бар.

      Клубтың мақсаты: Оқырмандардың  өлең шығаруға деген құмарлығын арттыру, сөздік қорының молаюы, ой-өрісінің дамуы, рухани байлығының толуы, шығармашылық қабілетінің артуы. Қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, өнер қайраткерлерінің өмірі мен творчествосын оқырмандарға насихаттау, жергілікті ақындардың өлең жырларын халыққа тарату. Оқырманның сөйлеу мәдениетін, тіл шеберлігін жетілдіру. Жас ұрпаққа білім тәрбие беру үрдісі үнемі жетілдіруді, дамытуды талап етеді. Бүгінгі шәкірт – ертеңгі іскер тұлға, сондықтан ол сөйлеу мәдениеті жоғары, өз ойын сенімді, жігерлі, шешен тілмен жеткізе білетін, көпшілікті өз сөзіне ұйыта алатын дағды, қасиеттерге бейімделіп тәрбиелену қажет. «Жас толқын жырлайды» поэзия клубы жастар үшін барлық уақытта есігі ашық таланттар ошағы. Қара сөздің қадірін бойына сіңірген жігіт пен қыздың қайнайтын қара қазаны. «Жас толқын жырлайды» клубы  – жас таланттардың болашағынан зор үміт күттіреді.

Ұраны:  «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы».

 

Поэзия клубының мүшелері Нұртаев Мадияр, Қазыбеков Данияр, Бөлекбаева Асем  Мұханбетқалиқызы, Құрманғазыұлы Жасұлан, Көпбосынова Ақерке Жамболқызы, Ерназар Саят, Ипбергенова Айман, Фазыл Мөлдір,  Исабек Мәди, Сайдалин Думан, Болатова Камшат, Жақан Назерке т.б.      

 

М.Әуезов атындағы кітапханада жыр сүйер жастардың шығармашылықтарын шыңдауға, жас қаламгерлердің талабын қолдауға «Жас тоқын» поэзия клубының тұсау кесер рәсімі болып өтті.    Іс-шараға ЖезУ студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Бұл кешке өзіндік бағытпен қалам серпіп келе жатқан Қалалық мемлекеттік мұрағаттың басшысы, ақын, айтыскер   Байжантаев Бағдат Тілеуліұлы поэзия клубының 

тұсауын кесіп, клубтың логатипі шарф пен бейджиктерін тағып, жас қаламгерлерге сәттілік тілеп, ағалық кеңесі мен қоса ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар, поззия кешінде  ақын Трайсова Үміткүл апа жас қаламгерлерге ақын болу өте ауыр жол, сол жолдарды қиындықпен жеңе білулері туралы ағынан жарылып сөз сөйледі. «Жас толқын» поэзиялық клубының мүшелері өлеңдерін терең түсінікпен оқыды. Өлең сүйер оқырмандар өздерінің  толғандыратын тақырыптарын аға, апа ақындарымен пікір бөлісіп, жүрек жарды туындыларын талқыға салды. Сонымен қатар кітапхана қорындағы  «Жас толқын» топтамасынан шыққан жас ақындардың кітаптарынан виртуалды көрме көрсетіліп, насихатталды. «Егер өз бойыңызда өлең жазуға деген дарын болса немесе қазақ ақындарының талап-деңгейлері туралы білім алуға деген құмарлығы бар жан болсаңыз Сізді – «Жас толқын" поэзия клубына  мүше болуға шақырамыз» деген жарнама парақшасы келген оқырмандарға таратылды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында, «Жүректерге нұрын төккенұлы күн!» атты салт-дәстүр кеші «Жас толқын» клубымен 

бірлесе өткізілді. Ең алдымен Наурыз жайлы бейнеклип көрсетілді. Оқырмандарға Наурыз мерекесі теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі болғандықтан және Ұлыстың Ұлы күні - Наурызды қарсы алу дәстүрі, Наурызнамада дайындалатын Наурыз көженің дәмін таттыру, қазақтың киіз үй керегесін көрсету, дастархан жайып, көрісіп, ізгі тілектер айту, ақсақалдардың батасын алу мақсатымен ұйымдастырылды. Кітапхана директоры Капкеева Шарипа Құрманқызы жиналған қауымды төл мерекелерімен құттықтап өтті. Кеш Шашу би ансамблімен ашылып, «Наурыз –көктем» әнімен жалғасты. Кітапхана қызметкерлері наурыз туралы көрініс көрсетіп, қолданыста сирек кездесетін салт-дәстүр «Саумалық», «Танабау» дәстүрін көрсетті. Қазақтың ұлттық тағамы «Шалжығар» тағамы туралы түсіндіріп өтті. Кітапханашы 

Жанибекова Айнекен танымдық ойындар жүргіссе, кітапханашы 

Қыдырманова Ақнұр «Құнды қазынамызды сақтайық»

атты этно көрмеге шолу жасады. Кеш Бақыт Шадаеваның «Қош келдің қазақтың жаңа жылы» әнімен аяқталды. Кеш соңында кітапханамыздың басшысы Капкеева Шарипа Құрманқызы «Жас толқын» клубының барлық мүшелеріне  рахметін айта отырып сыйлықтар мен Дипломмен марапаттады. Кеш соңында Қыдыр ата келіп бата берді.  

 

       Өлкеміздің ақыны, журналист Сара Смағұлдың 60 жас мерей тойына арнап  «Жас толқын» поэзия клубымен «Қаламгерлер клубы» бірлесе отырып «Жүрген жолым-өмірімнің өрнегі» кеші  өтті. Кеш Сара Кәрімсаттар қызының сонау 9 сынып оқушы кезін сомдайтын көрініспен ашылды. Ақынның 

өмірінен сыр шертетін «Адамдықтан айнымау-зор құндылық» атты видео ролик көрсетілді. Осынау игі шараға Сара Кәрімсаттарқызының үзеңгілес достары, әдеби әлемінің  тарландары келіп ізгі тілектерін білдірді. Кеш барысында «Жас толқын» поэзия клубы ақынның өлеңдері мен маналогтарын оқыса,кітапханашы Жанибекова.А. ақынға арнап жасалған  «Сырлы сезім,асқақ үнді ақын» атты дыбыстық көрмеге шолу жасап, екі бөлімнен тұратын  тұлға көрмемен таныстырып өтті.Бірінші «Үлкен жолдың бір белесі» атты бөлімінде  туған жері,әке-шешесі,балалық,студент шағынан фото шежірелерімен көп жылғы  «Сараырқа» ұжымымен бірге болған сәттері баян етіліп, «Көңіл толқыны» , «Жанарымда жаз күліп» атты кітаптары мен өлең жинақтарына тоқталып өтсе, «Өнерге деген құрметпен» атты бөлімінде ақынның көптеген номинациялары мен төс белгілерін таныстырылып өтті. Ақын өзінің жүрек жарды өлеңін оқырмандарға тарту етті.Құттықтаулар мен марапаттауларға ие болды. Кеш  Сара Смағұлдың сөзіне жазылған «Жезқазғаным бақ мекенім» атты өлеңімен аяқталды.

М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалында «Күз-берекем, күз мерекем» атты күзгі элегия өтті. Қайрат  Нұртастың «Күзгі қайың» әні орындалып тұр. «Жас толқын» клубының мүшелерімен ұйымдастырылған бұл кешті Абай бейнесін сомдаған Қазбеков Данияр Абайдың «Күз» өлеңімен ашты. Қаламы ұшқыр жас ақындар  өлкеміздің ақын-жазушылары Сара Смағұл, Ғазиз Ештанаев, Нүрасила Барменбаева, Ғалым Жайлыбай, Базарбай Әлеуханның  «Күз» туралы жазған  өлеңдерін оқыса,  жас толқын клуб мүшелері  Назерке мен Сырымбет «күз бен қыз» атты моналог оқыды. Саз колледжнің студенті Айнұр   «Музарт» тобының  орындауындағы «Күзгі бақ»  әнін орындады. Кітапхананың жас ақындары «Күзгі сән үлгісін» көрсетті. «Күз сый» көрмесіндегі жемістен жасалған карвингтерді (кірпі, үйрек, зонтик, карзина және жемістен жасалған пирамида) тамашалады. Жүргізушілер көрермендермен жемістен түрлі ойындар ойнатқызып, көрермендерді бір сергітіп алды. (Мысалы екі көрерменді шығарып, жіпке байланған алманы қолдың көмегінсіз жеп тауысу керек, кім көп жеген адам жеңіске жетеді. Екінші ойын жапырақтың астында жасырылған жеміс атын ыммен түсіндіру қажет, кім түсініп жеміс атын айтады, сол жеңімпаз) Кеш барысында Әліп Дәулет «Күрең күз» әнін тарту етті.

 

 «Жас толқын» поэзия клубына болашақта жарық көрер үлкен шығармашылықтарына сәт-сапар тілеп, қаламдарының ұштары талмасын дейміз!

                                  

 

Муханбетрахым Айдана Еркінқызы

2014 -2015жылдары «Жас толқын» роэзиялық клубтың мүшесі болған. 2014 жылы Қарағандыдан шыққан «Өр үмітті жастар» атты Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған өлеңдер пен прозалар жинағына «Жезқазғаным-алтын, кенді аймағым» өлеңі енген. Бүгінде Алматыда Халықаралық университетінің журналист факультетінің студенті.

 

Жезқазғаным-алтын, кенді аймағым

Сарыарқаның самал ескен сазындай,

Өмір күйі төгіледі жыр болып.

Сапырылған сары мысың маржандай

Келбетіңе қонып жатыр нұр болып.

 

Жер жаннаты, ән қанаты-өлкемсің,

Шежіреге жүрмін терең қанығып.

Жасарасың, күннен-күнге көркемсің.

Қадіріңді мен келемін сан ұғып.

 

Сапар шегіп тым алыста жүрсем де,

Қарт Ұлытау тәңіріме табынып.

Бар қызығым, қуанышым бір сенде,

Құстай ұшып жетемін-ау сағынып.

 

Жезқазғаным-алтын, кенді аймағым,

Желбіреп тұр көгіңде көк байрағың,

Қазағымның даңқын жатсын көтеріп,

Ғарыш жолын бастап берген айлағың.

 

Жезқазғанның даңқын көкке көтерген,

Қаныш атам жүрген талай көмеңнен.

Ұлылардың ізі қалған қаланың

Айтулы бір қызы болып өсем мен.

 

 

                                                  Бекмырзаева Айгерім

Шығармаға қаламы жүйрік. Халыққа айтар ойы да бар. Саз колледжнің ІІ-курс  «актер» бөлімінің студенті. Көп уақыты сабақ оқуға  кететіні түсінікті. Бірақ жазуға мезгіл тауып, әр күнді бос өткізбейді. «Жас толқын» поэзиялық клубының мүшесі Бекмырзаева Айгерімнің 

бүгінде өлең топтамалары халықтың жүрегінен шықты. Айгерімнің том-том дәптеріне жазылған өлеңдерінен біреуін  ұсынып отырмыз.

 

Туған жерге тағзым

(Жеңіске-70 жыл)

 

Жауға шаптың қолға ұстап жебеңді,

Елің үшін  оққа тостың денеңді.

Қиындықтың нәтижесі бүгінде,

Қазақ деген салиқалы ел енді.

 

Сара жолы-ата баба салып кеткен,

Батырлары таң қаларлық алып неткен?

Елін жерін қорғаймын деп талайы,

Майдандағы алау отта жанып неткен.

 

Бастау алған қазақ елі –Керейден,

Халқымыздың байтақ жері кеңейген.

Құттықтаймын ардагерді құрметтеп,

Бейбіт күн мен жетпіс жылдық мереймен.

 

Салт дәстүрді өрлетейік асырып,

Бірлесейік мінезімді жасырып.

Қасиетті жерімізді ойламай,

Кетпейікші жамандыққа бас ұрып.

Өз тіліңді құрметте,биік ұста.

Сөйледі ғой өз тілінде шыбын құста,

Өзге тілдің бәрін біл жоқ демеймін,

Құрметтемей туған тілді  көкке ұшпа.

 

Дәрежеміз өзге елмен теңелді,

Алаш жұртым қуанышқа кенелді,

Нұр үстіне  нұр болар еді егерде

 Алға қарай бағыттасақ тек елде.

 
   

Рауғаш Нұрмағанбетова

Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің оқытушысы. Жоғары білімді, дене шынықтыру және спорт маманы. Спортты жанына серік еткен Рауғаштың көңіліне келген көрікті ойды өлеңмен өрнектеп қоятыны бар. Жақында оның «Сен менің жүрегімнен кімді іздедің?»  атты алғашқы жыр жинағы Жезқазғандағы  «Полиграфия  Асар» ЖК «Битанов С.Д.» баспаханасынан жарыққа шықты.

 

 

        Жезқазғанның көшелері

Бүгінгі түн маған ұйқы келмеді,

Әлде нелер еске түсіп кернеді.

Қағаз алдым тағы да мен қолыма,

Жүректегі ойлар маза бермеді.

 

Түн, ешкім жоқ. Жезқазғанның көшесі,

Жауын шашып, жел тұрғаны естілді.

Қара түнек күз келген-ау көшесі.

Бірақ менің жырым оны кеш білді.

 

Жезқазғанның көшелері бір көрікті,

Әсем жерге сап сары күз келіпті.

Тағы отырмын жыр жазып

Ұйқы келмес түнде маған ерікті.

 

Өтіп жатыр аппақ бұлттан ақ жауын да себелеп,

Түнде кімдер жыр жазады, гүлге қонбас көбелек.

Шимай шаттық ойлар жаздым,

Жезқазғанның сұлу көркін бір тербеп.

 

 

Исабек Мәди

Жезқазған қаласында 1996 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Медицина колледжінің 3-ші курс студенті. Жезқазған қаласының 60 жылдық мерей тойына арналған өлеңі  үшін 3-ші орын иегері. Бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.

 

 

Қуантып жерді     жаңарсын деген қауылыңыз,

Қош келдің елге көрікті көктем ару қыз.

Жырыңмен жанды, нұрыңмен тәнді жылындыр,

Табиғат түгел мейіріміңе сенің зәруміз.

Самалмен сүртіп шүпсіген жердің маңдайын,

Түбіттей түлеп құлпыра берсін әр айың.

Гүлденген көктем, түрленген көктем құт бер деп,

Қол жайып сені күтеді қанша ағайын.

Жеті құт ырыс бабымен піскен уыз дәм,

Көженің дәмі былтырдан кетпей ауыздан.

Шүкірлік айтып аналар қазан көтерді,

Береке, бірлік, ынтымақ тілеп наурыздан,

Көңілге қарап көлгірсеу білмес көктемім,

Қуантты елді, аман-сау келіп жеткенің.

Қуанышты қуанышпен сабақтап

Сенде тіле мерекенің бітпеуін.

Қош оралдың менің әзиз көктемім!

 

 

Құрманғазыұлы Жасұлан

 

Жезқазған қаласында 1995 жылы 6 мамырда дүниеге келген. Медицина колледжінің 3-курсының студенті.

 

 

 

ҚОЙШЫ СӘУЛЕМ...

Қара көзден мұң кетпейді неліктен,

Қара мұңнан қара көйлек киіппең.

Адалдықтың ақ көйлегін кигізіп,

Көз жасыңды құрғатайын сүйіп мен.

 

Маған қисаң бір сәттегі еркіңді,

Нұрға бөлеп берер едім көркіңді.

Азабыңды алып қалып жаныма,

Сыйлар едім өмір бойғы күлкімді.

 

Жер бетінде сен жүргенде мұңайып,

Ұша алмаймын қанатымды кең жайып.

Қойшы сәулем...

Қабағыңды аш жадыра,

Нұрлы көздер саған ғана ылайық.

 

 

Сақтаныңдар көз жасының ананың

 

Білемін ұнау қиын адамға адам,

Мінез бар әр пендеде арындаған.

Сонда да түсінбеймін ана жанын,

Тәңірім сақтағайсың надандардан.

 

Бар болса таза мінез алтын адам,

Ол менің және сенің асыл анаң.

Қарғыс алсаң басыңнан бағың тайып,

Алғыс алсаң өмірде мол сыбағам.

 

Таптамаңдар асыл ана арманын,

Кірлетпеңдер көңілі тырмап тырнаған.

Көсегіңді көгертпейтін талшысы,

Сақтаныңдар көз жасынан ананың.

 

 

Фазыл Мөлдір

 

    Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында 1999 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Медицина коллоеджінің  2-ші курс студенті. Тәл мерекесіне байланысты өткізілген «Сөз мерген» атты сайыста 1 – ші орынмен марапатталды. 

 

Тіл-ел байлығы

         Қалдырған тіл дана бабам ұрпағына,

         Естідім мен соны ана құрсағында.

         Бесік жыры, ертегісі, дана сөзі

         Сол әр бір үнжаңғырып тұр жадымда.

                                                               

         Жазып кеткен Мұхтар, Мағжан, дана Абай,

         Ұмытамыз бұларды біздер қалай?

         Кезінде Төле, Қазыбек, Әйтекелер

         Осы тілмен дауларды шешкен талай.

 

Тілім бар міне осындай кереметтей,

Үнін естіп отырмайсың елең етпей.

Даламыздай бай тілім, бір сөзбенен

Сөйлегенде қоймайды сүйекке өтпей.

 

Ана тілім-қазақ тілі, қазақ үні,

Ана тілсіз еш халықтың болмас күні

Ана тілі құласа жойылады

Тұрса да төбесінде елдің туы.

 

Қазақ тілін сақтайық, жоғалтпайық,

Керісінше шалаларды оңалтайық.

Осы үшін тер төгейік, ұмытпайық

Қазақ тілі-ол біз үшін үлкен байлық

         Мамандықтың төресі

Мамандықтың төресін мен таңдадым,

Оны іздеп еш алысқа бармадым,

Бар көмегін аямайтын аурудан

Медбикелік мамандығын жалғадым.

 

Қолынан барлық істер келетін,

Өз ісіне әрқашанда сенетін,

Ол әрине – ақ халатты абзал жан

Барлық емін алмай-ақ беретін.

 

Қыранкөзді, арыстандай жүрегі,

Сөзіқуат, шипа толы білегі,

Ол әрине – ақ халатты абзал жан

Бүгінгі таңда оны бәрі біледі.

Адалдығы көзінен-ақ көрінетін,

Ақ жүзінен мейірім нұры төгілетін,

Дәрігерге көмекші медбикемін

Жылылығы алыстан ақ сезілетін.

Медбикелік – мамандықтың төресі,

Адамдардың құтқарушы кемесі,

Ойлайтыны – халқы, елі, жұртының

Денсаулығында болып тұрар бар есі.

Медбикенің аялы ғой алақаны,

Емдейтін алақан ол қанша жанды,

Науқаспенен әлек болып, ауруы үшін

Атыратын жандар ол қанша таңды.

Осындай мамандыққа барғаныма,

Өкінбейтін ешқашанда таңдауыма,

Халықыма көп көмек беру үшін

Бұдан асқан мамандық бар ма сірә!?

Шегінбей мен алға ұмтылып келемін ,

Мен өзімді ұшқан құсқа теңедім,

Болашаққа әрқашанда сенемін

Бар қиынды мен осылай жеңемін!

Ерінбеймін оқуды оқи берем,

Осылай мен қиындықтың бәрін жеңем,

Салсам егер бар күшімді тек білімге

Жақсы маман боларыма кәміл сенем!

 

 

Қайруллина Мадина Ғазизқызы

1998 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында дүниеге келген. Медицина колледжінің 2-ші курс студенті.

 

 

 

 

 

Қазақтың ұлы ақыны

 Алтын құрсақ Ұлжаннан туған тыл тұлға,

Сөзіне шешен Зереден өскен кемеңгер.

Ерлікпен зергек өскен телқара,

Қазір де міне, қазаққа ұлы қайраткер .

Парасатпенен алғыр ойдың иесі,

Шыншылдық пен рақымдықтың кемесі

«Атадан алтау, анадан төртеу» үй тұғын,

Адалдық пен еңбекқордың мекені.

Халықпен Абай арасы махаббаты жалғасар,

Қара сөзге дес бермеген, әрбір сөзі ой салар.

Тілі орамды, өнері шебер, кестесі көркем дананың.

Әрбір сөзі мың жасаса, шырыны кетпес сусындар.

Абай – дана, Абай – дара, қалдың мына қазақта,

170 жыл толып отыр кемеңгер  біздің ақынға.

Дүниеге келер ма  екен ұлы хакім Абайдай?

Пір тұтарың, тыныштық берсін, қадірің сенің артуда.

 

 

 

 

Сәруар Жұпар Сәбитқызы

1999 жылы қараша айының 20-да Сарысу елді мекенінде дүниеге келген. Медицина колледжінің  2- ші курс студенті

 

 

 

Ғұлама қазақ

Алаңның бәрі қарайды,

Таңқала саған Сәтбаев.

Куәсі сенсің талайдың,

Басыңнан кетпес бақ тайып.

Қалқаны болдың қазақтың,

Тағдыры талқан болғанда,

Сондықтан аға ғажапсың,

Ізгілік төккен жолдарға.

Күрестің жолда сан түрлі

Кеселдің тауып жиі емін,

Ұмытпай туған халқыңды,

Басыңды соған сүйедің,

Алқасын тағып даланың,

Ауасын жұрттың әр елдің,

Қыратқа қарай қарадың,

Арқауы болып әлемнің.

Жілігін жақтың ғалымның,

Тасын да жердің қопарып.

Биіктен аға көріндің,

Ғұлама қазақ атанып.

 

 

 

 

Ипбергенова Айман

Қостанай қаласында 1996 жылы 6 ақпанда дүниегекелген. Саз колледжінің 4-ші курс студенті.

 

 

 

Жапырақ жыр

Сары түсті сағыныш тамшылап тұр,

Көктем кеше өзгерткен қарт алаңын.

Сен тұрдың қарашада қалтырап құр,

Мен жұлдым күнтізбенің бір парағын.

 

Әй,жапырақ күздің бір күйін бағып,

Шарасыздау тағдырын танып талдың.

Торқа сары тоңыңды киіп алып,

Табаныма төселдің,тоңып қалдым.

 

Сен құладың

Қалмады төзім бойда,

Қарамады біздерге күзде күліп.

Теректерде ізің тұр.

Өзің қайда?

Кездесейік көктемді іздеп жүріп...

 

Қайта келіп оятар таңда демің,

Көктемде кездесерміз шуақ дарып.

Сабыр-сабыр сөйлейді сонда менің,

Бір жапырақ ғұмырым сыр ақтарып.

 

Тағы бір тамшысын татып мұңның,

Құшақтап құла дүзде бір еменді.

Мен жындай күбір-күбір оқып тұрмын,

Сен тыңдай алмайтұғын бір өлеңді.

 

 

Ерназар Саят

 

2 – қараша 1999 жылы туған. Саз  колледжінің  1-ші курс студенті. Тәуелсіздікке байланысты  шығарған өлеңдері үшін марапатталған.

 

 

 

Сүйгеніме

Барайын десем баралмай,

Кетейін десем кете алмай.

Мұнайып жаздым өлеңді,

Өзіңе жаным жете алмай.

Көзден тамған тамшы жас,

Нөсерлеп жауған жауындай,

Арадағы сұм қамал,

Алматынын тауындай.

Бір көруге зарумін.

Жүзіңді сенін қайтадан,

Ешкимнен де ұялмай,

Сүйем деп сені айта алам.

Ғашық болып бір саған,

Көрмей қалды көзім де,

Қылықтарыңа тамсанам,

Тәнті болып өзіңе.

Өлеңімді аяқтайын,

Он екі болды сағатым,

Демалсын бір жүрегім,

Сендеп қана қағатын!!!

 

 

Мұқағалиға арнау

Мұқағали ақиық ақын қазақта,

Талай дүние әкелді ғой қазаққа,

45 жаста өмірден өтіп кете барды,

Ауыр күн болды дәл бір сол күн қазаққа.

Дүниеге келип Қарасаздай ауылда,

Нұр берушеді жас кезінен ауылға,

О заманда лайық баға ала алмай,

Мойымады бірақ соқсада дүлей дауылда.

Ерте айрылып іні менен қарындастан,

Қызық көрмей іні менен қарындастан.

Жүрек енді жылый бастаған кезде,

Әкесі де соғыс деген ажал құшқан.

Көп көрмеді әке шеше құшағында,

Шеше бауырынан сәби кезінен ұшады да,

Сол кездегі молдалардың заңына сәйкес,

Өседі ол Тиын әже құшағында.

1976 жыл осы кез жанды қинады,

Барша қазақ халқы көзден жасын тимады,

Қазақ деп туған Сүлейменұлы

Мұқағали,

Өмірден озып қазақ жанын қинады.

Қазақта Мұқағали ұмытылмас ақын,

Махаббатқа бала кезден болды жақын,

Жатқан жерин жайлы болып ақын аға,

Сізди ұмытпайды ешқашан да қазақ халқын!!

 

 

 ӨТЕГЕН АҚТОТЫ ӘБІЛХАНҚЫЗЫ

 

Жезқазған медициналық колледжінің 3-курс студенті

 

                          

                                                                               Күз

Күздің самал соққан салқын лебі,

Сұрақсыз бір далаға рең береді.

Тереземнен сырғып аққан молдір тамшы,

Қиялыма қос қанат бітіреді.

 

Жанымнан күзге арнап жыр жазуға,

Тартпайды бұла жаным сыңарлан ба?

Айналам алтын түске боялғанда,

Енген бе менің бейнем сұспы түске.

 

Сыртқа шықсам көремін сары дала,

Құлазыған жаныма ем болама?

Үзілген үмітімдей жапырақтар,,

Қаулап жатыр аяққа оратыла.

 

Хакім ата

Қазақтың қара өлеңін серіп өткен,

Өлеңменен шабытты желпіп өткен.

Атыңнан айналайын Хакім ата,

Жанды баурап жүректі тебіренткен.

 

Қазақта бір ақын бар Абай деген,

Жүректен төгер жырын бар ойымен.

Өнегелі өмірі ғибратты,

Қара сөзбен тәрбие бере білген.

 

Сырларын бар жетілер ой түбіне,

Тарқатқандай шыныраудан іліп міне,

Жұп-жұмыр мініз сөзге ырза болып,

Жырларыңды оқимын мен күніге.

 

*  *  *

Ұлы Абайдай ақын болмас бар елде,

Алаш даңқын көтеретін әлемге.

Өлең сөздің жыр қаймағын сапырған,

Талай ақын жыр арнаған өлеңде.

 

Жарқ етіп, атар күндей өтер бәлкім,

Дүниеге келер әлі талай ақын.

Бірақта дәл өзіндей жан тумас-ау,

Абай деп ардақ тұтқан дана халқым.

 

Ырза шығар Онегин.Татьянамыз,

Ән айтса әуелетіп қырдағы қыз.

Сөйлетіп батыс,шығыс жауһарларын,

Сүйсінтті тындарманды аудармаңыз.

 

 

Әубәкір Гүлайым Айбекқызы

 
 

Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің І курс студенті

 

 

 

                    Ұстаздарға арнау

 

Түлегінің нұрландырар өмірін

Ұстаздардың кір шалмасын.

Сіздер берген білімменен сусындап

Өзгеріске толды менің өмірім.

Біз сіздерден алғаш әріп таныдық

Көрген емес тынысымыз тарылып.

Сізден алған тәрбиенің арқасы

Адам болдық еркеліктен арылып.

Алғаш қалам ұстаған кез есімде

Ұлықтағым келеді ұлы ісіңді.

Ұшқын атар, жалынды  жалғыз-ақ сөз

«Ұстаз» деген ұмытпаймын ұлы есімді.

Ұстаз деген өмірдегі дара тұлға

Адаспаймын сіз салған сара жолда

«Ұстазы жақсы - ұстамды» деген сөз бар

Ұстаздай ұлағатты адам бар ма?

Шәкіртіне үйретер тек амандық

Өн бойында тұнып тұрған адалдық.

Үйретуден жалықпайтын балаға

Ұстаздарға тілеймін тек амандық.

            

Анаға арнау

Өзіңе, асыл ана ешкім жетпес

Аялы ана алақаны естен кетпес

Алтын, ашық, асылдан артық жансыз

Анашым беделіңе баға жетпес.

Ақ ниетті ақжарқын асыл ана

Жарық дүние сыйлаған барша жанға

Қамқоршым, ақылшым боп ақыл айтып

Әрқашан да демеу боп болған пана.

Бір өзіңнен үйрендім адалдықты

Тура жолдан тайдырмай адам қылдың

Анадай асыл жан жоқ бұл өмірде

Сәулесі жарық еткен жер жаһанды

Балалар ата-анаңның қадірін біл.

Адам қылған перзентін қыз бен ұлын.

Түсірмей көңіліне ешбір кірбің

Ақтауды парызыңды көңілге іл.

Асыл ана әрқашан тұлғаң биік.

Шаңырақтың шайқалтпай болған ұйық.

Жаныма жан жылуын себелеген,

Тағзым етем өзіңе басымды иіп.