М.Әуезов атындағы кітапхана –филиалы
Мекен жайы:
Жезқазған қаласы
Гагарин көшесі 20 үй
8(7102) 723606
І лім –білім бұлағы кітап атаулының шоғырлаған мекемесі – кітапхана адамзат баласының рухани тыныс – тіршілігінің айнасы іспетті М.Әуезов атын қастерлеген қара шаңырақтың тарихынан сыр шертейік, 1951 жылы поселкелік кітапхана болып өз оқырмандарына есігін ашқан, кейін 1954 жылы Жезқазғанға қала мəртебесі берілуіне байланысты кітапхана қалалық орталық кітапхана болып аталды. 1961 жылы 24 қарашада халық депутаттары Жезқазған қалалық атқару комитетінің № 284 - ші шешімімен кітапханаға ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Əуезов есімі берілді. Алғашқы кітапхана меңгерушілері болғандар: Калюпа Людмила Михайловна, Павлова Мария Сергеевна, Шапортова Людмила Александровна. 1975 жылы ОКЖ- де директор болып қызмет еткендер: Толмачева Тамара Алексеевна, Рашевская Клавдия Николаевна.
1982 жылдан - 2010 жылға дейін Жезқазған қалалық М. Əуезов атындағы орталық кітапхана директоры болып Тайжанова Тұрар Мейрманқызы қызмет етті.
1976 жылдан орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылып, құрамына 22 кітапхана енді. Алайда 1990 жылдары нарықтың қыспағына түскен мəдени ошақтардың оты біртіндеп сөне бастады, бұл қилы кезең біздіңде басымызға келіп біраз кітапхана-филиалдарымыз жабылып, рухани құндылықтарымыздан шеттеп қалғанымызды үнсіз мойындай бастадық.
жыл |
сеть |
Түскен әдебиеттер |
кітап қоры |
Оқырман саны |
берілген кітап саны |
Кітапхана қызметкерлері |
|
1982 |
13 |
25662 |
277806 |
12065 |
221286 |
33 |
|
1983 |
13 |
18301 |
275457 |
11453 |
208456 |
33 |
|
1984 |
15 |
48367 |
303605 |
16419 |
271518 |
34 |
|
1985 |
15 |
17112 |
310788 |
16930 |
289749 |
35 |
|
1986 |
15 |
19009 |
322021 |
16337 |
326161 |
35 |
|
1987 |
16 |
41355 |
311720 |
14171 |
262291 |
35 |
|
1988 |
17 |
41355 |
338322 |
13704 |
193623 |
37 |
|
1989 |
17 |
15195 |
288444 |
13036 |
229314 |
37 |
|
1990 |
20 |
14976 |
298105 |
14041 |
237348 |
40 |
|
1991 |
20 |
11657 |
290977 |
14969 |
235453 |
40 |
|
1992 |
14 |
17018 |
231933 |
10360 |
188979 |
34 |
|
1993 |
13 |
5697 |
214971 |
9637 |
161649 |
34 |
|
1994 |
11 |
19937 |
202083 |
9968 |
174876 |
24 |
|
1995 |
11 |
1443 |
197885 |
11561 |
197294 |
21 |
|
1996 |
9 |
6371 |
187908 |
11220 |
191073 |
19 |
|
1997 |
3 |
27203 |
101929 |
8792 |
142670 |
14 |
|
1998 |
3 |
255 |
100800 |
7263 |
112971 |
15 |
|
1999 |
3 |
3616 |
104411 |
13274 |
133581 |
15 |
|
2000 |
3 |
9084 |
105395 |
7585 |
158589 |
15 |
|
2001 |
3 |
575 |
105970 |
7623 |
171212 |
15 |
|
2002 |
3 |
498 |
106462 |
7853 |
127412 |
13 |
|
2003 |
3 |
8018 |
107195 |
7965 |
193407 |
16 |
|
2004 |
3 |
170 |
100615 |
8029 |
198950 |
15 |
|
2005 |
3 |
2510 |
80333 |
8377 |
204392 |
16 |
|
2006 |
5 |
7646 |
80907 |
9577 |
178444 |
17 |
|
2007 |
7 |
7462 |
82930 |
9859 |
212257 |
20 |
|
2008 |
8 |
6910 |
85524 |
10734 |
222184 |
21 |
|
2009 |
9 |
4842 |
89329 |
10952 |
230368 |
22 |
|
М.Əуезов атындағы қалалық орталық кітапхананың – 1997 жылы №2, №7 кітапхана- филиалдары ғана қалды. Жабылған 17 кітапхана-филиалдарының қоры Орталық кітапханаға әкелініп, мұқият түрде тексеріліп, сөрелерден орын алды. «Оңтайландыру» саясатында әр басылымға жанашырлықпен қарап, білім бұлағының нәрін қазіргі ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың рухани қазынасы – кітаптарды сақтап қалды.
Мамандар ой-өрісі мықты, қабілетті, дарынды жастарға ерекше назар қойып, жан- жақты білімін кітап, мерзімді басылымдар арқылы шыңдауға көңіл аударады.
Республикамызға танымал жазушы, ақын, əншілер қаламызда қонақ болғанда кітапханамызға ат басын бұрғаның мақтанышпен айтамыз. Айта кетсек - əнші мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бекболат Тлеуханов, Халық ақыны,жазушы Фариза Оңғарсынова, əнші Татьяна Бурмистрова, жазушы Бексұлтан Нұржекеев, жазушы Ілья Жақанов, Қазақтын белгілі ақыны К.Салыков, жазушы,ақын Ғ.Жайлыбай.
2002 жылы «Библиотека-4.02» кітапханалық электрондық бағдарлама кіргізіліп, электрондық каталог жұмысы басталды.
2004 жыл . «РАБИС » атты электрондық бағдарламасы енгізілді. Кітапхананың жан - жақты анықтама аппаратының негізінде оқырмандарға сапалы ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетіледі. Кітапханада негізгі технологиялық процестер автоматтандырылған: электронды каталог жəне мақалалардың электронды картотекасы, оқу процесін кітаппен қамтудың картотекасы жүргізіледі, мерзімді басылымдарға корпоративті сипаттама жасалады.
2005 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерейтойына арналып, «Кітапхана – даналық мекені» атты кітапхана қызметкерлерінің мерекесі өтті. «Мамандық əлеміне саяхат» байқауында Жезқазған қаласындағы С.Сейфуллин, М.Əуезов атындағы жəне қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері қатысып, өздерінің біліктіліктері мен кəсіби шеберліктерін, дайындық деңгейлерін сарапқа салды.Байқау қорытындысында «Үздік кітапхана» ауыспалы кубогын М.Əуезов атындағы кітапхана ұжымы жеңіп алды.
2006 жылы жұмысты жандандырып, ауыл оқырмандарын өзіне тартып білімге бет бұрғызу мақсатында Теректі елді мекенінен № 3 кітапхана – филиалын, Малшыбайдан №4 кітапхана – филиалы, ашылды.
2007 жылы №5 Кеңгірде кітапхана – филиалы және №6 Талап селолық кітапхана – филиалдарын ашты.
2008 жылы № 8 Қорғанбай ауылдық кітапхана- филиалдары ашылды.
2009 жылы заманауи ақпараттық технологиямен жабдықталған, заман ағымына сай қызмет көрсету мақсатында № 9 модельді кітапхана – филиалы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетуде.
Бұлардың барлығы жалпы көпшілік оқырманға қызмет етеді.Кітапхана өзінің мол қорымен, жаңа басылымдарымен оқырмандарының көңілінен шығуда.
2009 жылы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша кітапхана толық күрделі жөндеуден өткізілді, жаңа жиһаздармен жабдықталды.
2010 жылы 1 сәуірден бастап қала әкімінің ”18 ақпан 2010 жылғы № 04/17 “Кітапханаларды қайта ұйымдастыру туралы” қаулысына және ҚР 2001 жылғы 23 қантардағы ” ҚР жергілікті және өзін-өзі мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес М.Әуезов атындағы кітапхана-филиалы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ-сі қарасты болды.
2 -Жылжымалы кітапхана 2010 жылдан бастап қызмет етіп келеді. Кестесі айына 1 рет болады. Ол «Жүрек» ОДА-сы және –Белгілі тұрағы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеудің қалалық орталығы.
2013 жылы кітап қоры жоспарлы толық тексерістен өтті.
2013 жылы ОКЖ арасындағы «Білікті маман – білімнің көшбасшысы» атты сайыста М.Әуезов атындағы кітапхана -филиалы 1-орын иеленді.
2013 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған «Библиографиялық құралдар жәрмеңкесі -2013» шебер класс сайысында А.Ж.Махмұтова «Тарих-археологиялық мұражайы ашылғанына – 35 жыл» - ақпараттық - дайджест шығарып, «Мультимедиялық әдістемелік-библиографиялық құрал» номинациясымен марапатталды.
2013 - 2014 жылдары қазақтың көрнекті ақын – жазушыларының, өнер қайраткерлерінің өмірі мен творчествасын, өлкелік ақындардың өлең жырларын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Сөз зергері» қызығушылық клубы ұйымдастырылды.
2015 жылдан бастап оқырмандардың сұранысымен «Сөз зергері» қызығушылық клубы «Жас толқын» - поэзиялық клубы болып жалғасын табуда.
Бүгінгі күні кітап қоры – 24193 дана, оның мем.тілде 7754 дана. Кітап 23888 дана, газет 82, журнал 212, электронды басылым 11 құрайды. Кітап қорын «Фолиант», «Жауһар», «Нұрлы Әлем», «Елорда», «Атамұра», «Библиотека Олжас», «Баянжүрек» т.б баспалар арқылы толықтыруда. Оқырманы -3331, Келушілер саны – 36667, Кітап берілімі -55028.
Махмұтова Анар Жамантайқызы – кітапхана - филиалының меңгерушісі. Білімі – жоғары. Жезқазған университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» факультетін бітірген. Кейін Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық институтының «Кітапхана және кітапханатану» бөлімін сырттай бітірді. 1995 жылдан кітапхана саласында қызмет етеді. Кітапхана саласында 21 жыл еңбек етуде.
Елеусизова Хамила – о.д, ж.с кітапханашы. Білімі – орта арнаулы. Жезқазған мәдени – ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» бөлімін бітірген. 1977 жылдан бастап кітапхана саласында еңбек етеді. Еңбек стажы – 39 жыл.
Бөртебаева Қапиза – ж.д, ж.с кітапханашы. Білімі – жоғары. Жезқазған педагогикалық институтының «Физика – математика» факультетін бітірген. 1983 жылдан бастап кітапхана саласында еңбек етуде. Кітапхана саласында - 33 жыл.
Мағзұмова Ләззат Ережепқызы -о.д.санаты жоқ аға кітапханашы. Білімі – орта арнаулы. Жезқазған мәдени – ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» бөлімін бітірген. 1990 жылдан бастап кітапхана саласында еңбек етуде. Кітапхана саласында - 26 жыл.
Қыдырманова Ақнұр Сабырқызы -ж.д.санаты жоқ кітапханашы. Білімі - жоғары. Жезқазған университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін 2007 жылы сырттай бітірген. 2002 жылдан бастап кітапхана саласында еңбек етуде. Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Мәскеу Мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің профессоры В.К.Степановтың қатысуымен «Цифрлық кітапханалар: қалыптастыру және қолдау» атты ІІ Жазғы Интернет-Университетіне қатысып, сертификат алды ( 2006 ж.) және «Кітапханалық өлкетанудың қазіргі даму тенденциялары» атты ғылыми-практикалық конференция (2005 ж.) қатысқан.
Жүніс Ақбаян Тайқызы -ж.д.санаты жоқ кітапханашы. Жезқазған университетінің «Ағылшын тілі» факультетін 2007 жылы бітірген. 2009 жылдың қараша айынан бастап кітапхана саласында еңбек етеді.
Жәнібекова Айнекен Байдешқызы - ж.д, санатты жоқ кітапханашы.1988 жылы Жезқазған педагогикалық институтының «География және биология» факультетін бітірген. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап кітапханада қызмет етіп келеді.
Кітапханашының еңбегі жұртшылықтың назарынан тыс қалып, көзге əрқашан іліне бермесе де, қоғам мен мемлекеттің дамып-өркендеуіне өте қажет əрі маңызды мамандық екендігі сөзсіз. Кітапхана мəңгілік парасаттың ең биік, ең киелі ғимараты болса, кітапханашы сол рухани қазынаның шырақшысы мен ақыл-ой əлеміндегі жол сілтеушісі.